сейсенбі, 29 қыркүйек, 2026 12:50

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Каспийде жоғалып кеткен үш адам құтқарылды

Каспийде жоғалып кеткен үш адам құтқарылды
Getty Images
ТЖМ жел күшейген кезде суға шықпау керегін ескертті.

Маңғыстау облысында Каспий теңізіне шығып, жоғалып кеткен үш адам құтқарылды, деп хабарлайды  Төтенше жағдайлар министрлігі.

Оқиға өткен түні Түпқараған ауданындағы Каспий жағалауында болған. Қатты жел үш адам отырған үрлемелі қайықты жағалаудан ашық теңізге қарай алып кеткен.

Оларды іздеуге ТЖМ құтқарушылары шықты. Іздеу барысында үш адам да табылып, жағаға жеткізілді.

Министрлік мәліметінше, құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

ТЖМ жел күшейген кезде суға шықпау керегін ескертті.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар