Қазақстандық бапкер кәмелетке толмаған спортшыны зорлады деген күдікпен іздестіріліп жатыр
- авторОймақ
- Бүгін, 08:49
- 72
Қазақстандық велоспорт бапкері Мақсат Аязбаев Үндістанда кәмелетке толмаған спортшыны зорлады деген күдікпен іздестіріліп жатыр. Бұл туралы The Times of India басылымы жазды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.
Үндістан полициясының мәліметінше, оны қолға түсіру үшін арнайы бірнеше жедел-іздестіру тобы жұмылдырылған.
Оқиға 13 қыркүйекте Патиала қаласындағы Нетаджи Субхас атындағы Ұлттық спорт институтының аумағында орын алған. Кәмелетке толмаған жас спортшы болған жағдайға байланысты 18 қыркүйек күні жергілікті құқық қорғау органдарына арызданған. Осыдан кейін Үндістан полициясы аталған факті бойынша ресми түрде қылмыстық іс қозғады.
Қазақстан велоспорт федерациясы Мақсат Аязбаевтың кейінгі жылдары Үндістан тарапымен жасалған жеке келісімшарт негізінде осы елдің ұлттық құрамасын жаттықтырғанын мәлімдеді. Ведомство өкілдері оның қазіргі уақытта Қазақстан ұлттық құрамасына ешқандай қатысы жоғын және тергеу аяқталғанға дейін бапкерлік қызметі толық тоқтатылғанын хабарлады.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі де аталған жағдайдан хабардар екенін растады. Еліміздің дипломаттары Аязбаевтың туған-туыстарымен тығыз байланыс орнатып, оларға қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетуде. СІМ өкілдері бұл мәселені жеке бақылауында ұстайтынын білдірді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





