дүйсенбі, 28 қыркүйек, 2026 15:16

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматы маңында тағы да жер сілкінісі тіркелді

Алматы маңында тағы да жер сілкінісі тіркелді
Фото: Shutterstock.com
Төтенше жағдай министрлігі "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 28 қыркүйекте сағат 13:53-те жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 254 км жерде орналасқан.

Жерасты дүмпуінің қарқыны Нарынкөл ауылыда 2-3 балл, Кеген ауылында 2 баллды көрсетті.

“ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді. Сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді”, – деп мәлімдеді ведомство.

Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану анықталмады, қазір аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істейді.

Министрліктің мәліметінше, қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түспеген және жағдай тұрақты.

Бұған дейін 28 қыркүйек күні таңертең Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезіп, бұл туралы WhatsApp чаттарда жарыса жазған еді. Қала тұрғындарының айтуынша, жер асты дүмпуі шамамен сағат 06:32-де болған. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар