дүйсенбі, 28 қыркүйек, 2026 15:16

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Президент әлемнің бірінші ракеткасын қабылдады

Президент әлемнің бірінші ракеткасын қабылдады
Ақорда
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинамен кездесіп, оны АҚШ ашық чемпионатындағы жеңісімен және әлемнің бірінші ракеткасы атануымен құттықтады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Рыбакина 12 қыркүйекте US Open финалында Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңіп, мансабында алғаш рет АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы атанды. Бұл оның Үлкен дулыға жарыстарындағы үшінші жүлдесі. Бұған дейін ол 2022 жылы Уимблдонда, 2026 жылы Австралия ашық чемпионатында топ жарған.

Сонымен қатар Рыбакина Қазақстан тарихында жекелей сында әлемдік рейтингтің бірінші сатысына көтерілген алғашқы теннисші атанды. WTA жаңартылған рейтингінде ол 14 қыркүйектен бастап бірінші орынға шықты.

Тоқаев Рыбакинаның жетістіктері балалардың тенниске деген қызығушылығын арттыратынын атап өтті.

«Сіздің жеңістеріңізден кейін балалардың тенниске қызығушылығы артып, секцияларға көптеп жазылады. Олар да чемпион болғысы келеді. Жас өрендерге өнеге көрсетіп отырсыз», – деді Президент.

Мемлекет басшысы Рыбакинаның үш Үлкен дулыға жарысындағы жеңісі теннис тарихында қалатынын айтып, спортшының корттағы және көпшілік алдындағы байыптылығына да тоқталды.

Рыбакина Президентке қолдауы үшін алғыс айтып, Қазақстан атынан өнер көрсетуді мақтан тұтатынын жеткізді. Теннисші алдағы уақытта да жоғары нәтижеге жетіп, жаңа жеңістерге ұмтылатынын айтты.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар