Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында 28 қыркүйекте қоғам белсендісі әрі саяси белсенді Санжар Боқаевтың ісі бойынша сот процесі басталады. Бұл туралы оның адвокаты Радмир Өтепов өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
«Сот хатшысының хабарлауынша, бұл процесс ашық түрде өтеді», – деп жазды адвокат.
Боқаев наурыз айынан бері қамауда отыр. Ол жалған ақпарат тарату және теріс қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында әлеуметтік желілерде саябақ аймағындағы ағаштардың заңсыз оталуы мен құрылыс нысандарынан мүліктің ұрлануы туралы бейнематериалдар жариялады деп күдіктелуде. Тергеу нұсқасы бойынша, Боқаев бұл ағаштардың оталуын өзі ұйымдастырып, қаржыландырған және бұл іске сыйақы беремін деп уәде беріп, «табысы төмен тұлғаларды» тартқан.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






