жексенбі, 13 қыркүйек, 2026 18:24

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Туристік полиция қызметкерлері жұмыстан шығарылған: Полиция департаменті түсініктеме берді

Туристік полиция қызметкерлері жұмыстан шығарылған: Полиция департаменті түсініктеме берді
видео скрин
Полиция қызметкерлерінің мінез-құлқына қойылатын талаптарды бұзған.

Астана қаласының Полиция департаменті туристік полиция қызметкерлерінің қызметтік әдеп нормаларын бұзуына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.  сайтына сілтеме жасап.

Полиция департаментінің мәліметінше, елордадағы туристік полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару барысында әдеп нормалары мен полиция қызметкерлерінің мінез-құлқына қойылатын талаптарды бұзған.

«Қызметтік міндеттерін атқару кезінде және формалық киімде мұндай әрекетке жол беру орынсыз. Полиция қызметкері кез келген жағдайда кәсіби арақашықтықты сақтап, белгіленген мінез-құлық мәдениетін ұстануға міндетті», – делінген ведомство хабарламасында.

Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша екі қызметкер де ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылған.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар