бейсенбі, 10 қыркүйек, 2026 10:27

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақ үй аукционға шығарылды

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақ үй аукционға шығарылды
hilton.com
Бұл туралы Мемлекеттік мүлік тізіліміндегі мәліметтен мәлім болды.

Алматыда бұрын экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған DoubleTree by Hilton қонақүй кешені 12,7 миллиард теңгеге (шамамен 28 миллион доллар) аукционға шығарылды. Бұл туралы Мемлекеттік мүлік тізіліміндегі мәліметтен мәлім болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Мемлекеттік электрондық сауда алаңының мәліметінше, бағаны көтеруге бағытталған аукцион 25 қыркүйекке белгіленген. Қала орталығындағы Досмұхамедов көшесінде орналасқан, ауданы 16 мың шаршы метрден асатын кешенді сатушы тарап – Алматы қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті.

Бұл нысан мемлекет меншігіне 2023 жылы өткен болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, 2021 жылдың қарашасында қонақүйді Сатыбалдыға қатысы бар компания сатып алып, кейін ол мемлекетке қайтарылған. Бұған дейін DoubleTree by Hilton қонақүйін салған кәсіпкер Шолпан Қаранеева бұл бизнесті рейдерлік жолмен тартып алу жағдайы болғанын айтып, Сатыбалдының есімін атаған еді.

Еске салсақ, Қайрат Сатыбалды 2022 жылдың наурызында ұсталған болатын. Сол жылдың қыркүйегінде ол «Қазақтелеком» мен «Көлік сервистік орталығынан» аса ірі мөлшерде қаражат жымқырғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылып, 2024 жылдың тамызында жазасының қалған бөлігі пробациялық бақылаудағы бостандықты шектеуге ауыстырылды. Антикор дерегінше, 2022 жылдан бері Сатыбалды мен оған қатысы бар тұлғалар мемлекетке 732,8 миллиард теңгеден астам (1,6 миллиард доллар) активтер мен қаражатты қайтарды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар