сейсенбі, 25 тамыз, 2026 11:35

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мөлдір Мұқан жаңа телехикаяға түсетінін растады

Мөлдір Мұқан жаңа телехикаяға түсетінін растады
Сурет: politico.kz
Мөлдір Мұқан Qazaqstan телеарнасының жаңа телехикаясына түсетінін хабарлады. Әнші Ерлан кейіпкерінің жұбайын сомдайды.

Продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқан әлеуметтік желідегі парақшасында шығармашылығына қатысты қуанышты жаңалығын бөлісті. 

Өнер иесінің айтуынша, оған «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы түсіріп жатқан жаңа телехикаяға қатысу жөнінде ұсыныс түскен. Мөлдір Мұқан бұл шақыртуды қабыл алғанын жеткізді.

«Осы жаздың ерекше жаңалығы – сериалға түсу туралы ұсыныс. Әрине, қабыл алдым! Қай телеарнаға, қандай жанрдағы сериал екенін айтамын. Ең бастысы, көрерменге ұнайтын сериал болатынына сенемін», – деді ол.

Әнші жаңа жобаны шығармашылық жолындағы ерекше кезеңдердің бірі деп бағалады. Оның сөзінше, түсірілім тобы тарапынан рөл ұсынылуы өзіне үлкен қуаныш сыйлаған.

Белгілі болғандай, Мөлдір Мұқан телехикаяда Ерлан есімді кейіпкердің жұбайын сомдайды.

Жобада дәрігерлердің еңбегі, медицина қызметкерлерінің күнделікті қызметі және олардың қоғамдағы орны көрсетілмек.

«Ақ халатты абзал жандардың жұмысы үнемі көзге көріне бермейді. Бірақ түрлі сынаққа тап болып, дертпен бетпе-бет келгенде олардың қадірін түсінеміз. Осы тақырыпты кино арқылы халыққа жеткізіп жатқан ұлттық арнаға және түсірілім тобына алғысымды білдіремін», – деді Мөлдір Мұқан.

Өнер иесі жаңа телехикая көрермен көңілінен шығады деген сенімін білдірді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар