Жалған ақпарат таратып, полиция қызметкерлеріне құрметсіздік танытқан Қызылорда тұрғыны қамауға алынды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Қызылорда қаласының 22 жастағы тұрғыны Шұғыла Сәбит түнгі уақытта тыныштықты бұзып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, ұсақ бұзақылық жасағаны және жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Сот шешімімен қыз әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар оған әкімшілік айыппұлдар салынды және ресми ескерту берілді.
Қабылданған шаралардан кейін қыз әлеуметтік желілердегі тиісті жарияланымдарын өшірді.
Полиция ескертеді: полиция қызметкерлеріне құрметсіздік таныту, арандатушылық әрекеттер жасау және жалған ақпарат тарату заң аясында жауапкершілікке әкеп соғады.
Еске салайық, бұған дейін аталған қыз әлеуметтік желілерде өзін “күлгені үшін” жауапкершілікке тартты деген жалған ақпарат таратып, билік өкілдеріне құрметсіздік танытқан.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





