дүйсенбі, 17 тамыз, 2026 10:22

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қырғызстан тауларында альпинистер жоғалды

Қырғызстан тауларында альпинистер жоғалды
Фото: 24.kg
Қырғызстан тауларында Беларусь пен Литва азаматтары іздестірілуде. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың денелері табылды.

Басылым мәліметінше, Беларусь азаматтары Максим Полянский мен Николай Свиридов және Литвадан келген Сергей Рубцов 2 тамызда Курумды шыңына көтерілген. Топ 4 тамызда базалық лагерьге түсуі керек еді. Алайда олар белгіленген уақытта байланысқа шықпады. Осыдан кейін Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі мен еріктілер іздеу операциясын бастады. Іздеу жұмыстарына қолайсыз ауа райы, қалың қар мен көріну мүмкіндігінің төмендігі кедергі келтірді.

Дегенмен іздеу операциясының жетекшісі Александр Смирнов таңертең дрон түсірген кадрларға сүйеніп, қар мен тас көшкіні болған аумақта олардың денелері жатқан болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұған дейін сол маңнан топ мүшелерінің жеке заттары табылған.

"Біз сөзімізге жауапты болуымыз керек. Сондықтан қолымызда не бар екенін ашық айтамыз. Түсірілімнен адамдар анық көрінбейді: бәрін қар мен тас көлбегейлеп тұр. Біз тек ілгегі бар бәтеңкелерді, жабдықтар мен киім бөлшектерін және денеге ұқсас нобайларды көріп тұрмыз. Мұны тек төмен түскеннен кейін ғана нақты айтуға болады, сол кезде оларды анықтау мүмкіндігі бар. Оған дейін біз ешқандай есімдер мен мәліметтерді егжей-тегжей айта алмаймыз. Жақындары бәрінен хабардар.

Бір нәрсені сеніммен айта аламыз. Беткейде табылған заттарды арқан жалғап тұр, жігіттер бір байламмен жүріп отырған. Осы күндері біз беткейдің төменгі жағынан үшеуінің де заттарын таптық. Топ бөлінбеген, олар бірге болған және бірге қалып отыр. Ешкім беткейде жалғыз қалған жоқ", - деді Смирнов.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар