жұма, 14 тамыз, 2026 12:54

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Қайрат" ФК "Ұлытаумен" өтетін матчқа қатысты мәлімдеме жасады

"Қайрат" ФК "Ұлытаумен" өтетін матчқа қатысты мәлімдеме жасады
Фото: "Қайрат" ФК-ның баспасөз қызметі
Қазақстан премьер-лигасының (ҚПЛ) 2026 жылғы маусымындағы алматылық "Қайрат" пен жезқазғандық "Ұлытау" арасындағы матч жабық режимде өтеді.

Алматылық клубтың мәліметінше, өз алаңындағы премьер-лиганың 9-тур матчы 15 тамыз күні сағат 18:00-де Т. С. Сегізбаев атындағы "Қайрат" ФК академиясында өтеді.

"Матчтың өту орны Орталық стадионда концерттен кейін демонтаж жұмыстары жүргізілуіне байланысты өзгертілді.

Инфрақұрылымдық шектеу мен трибуналардың сыйымдылығы төмен болуына байланысты матч жабық режимде болады", - делінген хабарламада.

Бұл ретте тікелей трансляция стандартты форматта ұйымдастырылады. Матчты тікелей эфирде KFF League YouTube арнасынан көруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 14 тамызда Орталық стадионда америкалық рэпер Канье Уэсттің концерті өтеді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар