жұма, 14 тамыз, 2026 12:54

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Канье Уэст Алматыға келді

Канье Уэст Алматыға келді
Фото: видеодан скрин
Канье Уэст деген атпен танымал америкалық рэпер YE Қазақстанға келді. Әлеуметтік желіде оны Алматы әуежайында қарсы алу сәтінен видео тарады.

Ztb_kz желілік басылымы америкалық рэпердің Қазақстанға келгенін хабарлап, видео жариялады.

"Әуежайда музыкантты қазақтың салтымен – ұлттық бимен, ұлттық дәммен және ыстық ықыласпен қарсы алды. Әртіске еліміздің мәдениеті мен дәстүрін таныстыра отырып, шынайы қазақы меймандостық көрсетілді", - делінген жарияланымда. 

Естеріңізге сала кетейік, 17 шілдеде Алматыда әйгілі америкалық рэпер Канье Уэсттің концерті өтетіні туралы ақпарат тарады. Алдымен бұл жаңалықты оның менеджері Джозеф Карре хабарлады. Кейінірек Алматы әкімдігінің өкілдері ақпаратты растады.

Концерт 14 тамызда сағат 21:00-де Орталық стадионда өтетіні белгілі болды.

Сондай-ақ Алматы полициясы Канье Уэсттің тыңдарманына үндеу жасап, концертке билет сатып алу кезінде алаяқтарға алданып қалмаудың жолдарын айтты.

Әкімдік концертке келушілер үшін алты бағыт бойынша 60 тегін шаттл қатынайтынын мәлім етті.

Сонымен қатар рэпердің концертіне байланысты қай көшелер жабылатыны хабарланды.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар