сәрсенбі, 12 тамыз, 2026 16:30

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ қоғам қайраткерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ қоғам қайраткерін мемлекеттік наградалармен марапаттады
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ қоғам қайраткерін мемлекеттік наградалармен марапаттады. Бәтима Зәуірбекова «Отан» орденін, Тұрсын Жұртбай «Барыс» орденін алды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады. Салтанатты рәсім Ақордада өтті.

Марапатталғандар арасында көрнекті суретші, танымал өнер қайраткері Бәтима Зәуірбекова «Отан» орденімен, әдебиеттанушы ғалым Тұрсын Жұртбай I дәрежелі «Барыс» орденімен, мемлекет қайраткері Александр Судьин II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Белгілі актер, театр режиссері Нұрқанат Жақыпбайға «Қазақстанның халық әртісі» атағы, ал ауыл шаруашылығы саласының ардагері Виктор Хильниченкоға «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.

Бұл марапаттар – ел игілігі үшін еңбек етіп, халықтың құрметіне бөленген азаматтарға көрсетілген құрметтің белгісі. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар