жексенбі, 9 тамыз, 2026 16:36

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты
әлеуметтік желіден
Технологиялық жабдықтар мен объект аумағынан тыс жерлерге мұнай төгілуіне жол берілген жоқ.

Маңғыстау облысының экология департаменті "Құлжан" мұнай кен орнында 7 тамызда болған өрттің мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды turkystan.kz ведомствоға сілтеме жасап.

Департамент мәліметінше, 2026 жылғы 7 тамызда сағат 18:10-да Meerbusch ЖШС-не қарасты "Құлжан" мұнай кен орнының "Мұнай қабылдау пунктінде" өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түсті.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, өрт көлемі 2000 м³ болатын №2 резервуарындағы түптік шөгінділерді ішкі тазалау жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде цементтеу агрегатында шыққан.

Жұмыстар жүргізілген уақытта №2 резервуары бос болған, яғни резервуарда мұнай болмаған.

Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау сағат 19:20-да оқшауланып, сағат 20:00-де толық сөндірілген. Қазіргі уақытта объект штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Алдын ала мәліметтер бойынша, елеулі материалдық залал анықталған жоқ.

Оқиға туралы белгіленген тәртіппен Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті және мемлекеттік еңбек инспекциясы хабардар етілген.

Өрттің түпкілікті себебі мен ықтимал материалдық залалдың мөлшері және оқиғаға құқықтық баға объектіні тексеру және тиісті тексеру іс-шараларын жүргізу нәтижелері бойынша анықталмақ,

Технологиялық жабдықтар мен объект аумағынан тыс жерлерге мұнай төгілуіне жол берілген жоқ.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар