Астана қаласының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жасады деген күдікпен 32 жастағы әйелді анықтады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Тергеу барысында күдіктінің азаматтардың сеніміне кіріп, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша кезекті алға жылжытып беруге ықпал ете алатынын айтып, заңсыз қызмет ұсынғаны белгілі болды. Осылайша ол жәбірленушілерден қаражат алып, уәдесін орындамай, байланысын үзген.
Қазір оның кемінде бес алаяқтық эпизодына қатысы бары анықталды. Жәбірленушілердің бірінен күдікті 1 миллион теңге алып, жеке басының қажетіне жаратқан.
Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.




