дүйсенбі, 27 шілде, 2026 11:52

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Өскеменде мерзімді әскери қызметін өтеп жатқан сарбаз қашып кеткен

Өскеменде мерзімді әскери қызметін өтеп жатқан сарбаз қашып кеткен
military_police_kz
Бұл туралы Өскемен гарнизонының әскери полиция бөлімі мәлім етті.

Өскеменде 27943 әскери бөлімінен мерзімді әскери қызметін өтеп жатқан сарбаз өз бетінше келіп-кетіп, қашып кетті. Бұл туралы Өскемен гарнизонының әскери полиция бөлімі мәлім етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап. 

«2026 жылғы 23 шілдеде сағат 06:30 шамасында 2004 жылы туған қатардағы жауынгер А. Е. Мархан тәуліктік наряд құрамында тумбочкадағы кезекші ретінде қызмет атқару кезінде қызмет орнын өз бетінше тастап кеткен. Жанында қаруы болмаған. Әскери бөлім аумағынан әскери киімде шығып кеткен деп болжануда, азаматтық киімге ауысуы да мүмкін», – делінген хабарламада.

Іздеудегі сарбаздың негізгі белгілері: бойы – 177 см, салмағы – шамамен 80 кг, дене бітімі орташа, көзі қара, шашы қысқа қара, бетінде меңдері бар.

Қазіргі уақытта әскери полиция бөлімі ішкі істер органдарымен бірлесіп іздестіру шараларын жүргізуде, ал іздеу жұмыстары ҚР Қарулы күштері Бас әскери полиция басқармасы басшылығының бақылауына алынған. Ведомство еліміздің тұрғындарынан әскери қызметшінің жүрген жері туралы кез келген ақпаратты 8 (7232) 62 34 15, 8 (705) 508 39 39 және 8 (775) 553 53 35 сенім телефондары арқылы құпия түрде хабарлауды сұрайды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар