дүйсенбі, 27 шілде, 2026 10:50

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматыда еріктілер екі аптадан бері жоғалған әйелді іздестіруде

Алматыда еріктілер екі аптадан бері жоғалған әйелді іздестіруде
Сурет: tengrinews.kz
1986 жылы туған Назым Жакишева 13 шілдеде Қызылордадан шығып, Алматыдан көрінгеннен кейін із-түзсіз жоғалды. Еріктілер оны табу үшін екі аптадан бері іздеу жүргізуде.

Екі аптадан бері Алматыда еріктілер жоғалған әйелді таба алмай жүр.

1986 жылы туған Жакишева Назым Тусипбаевна 13 шілдеде жоғалды. Түстен кейін сағат 13:30 шамасында әйел Қызылорда қаласындағы үйінен шыққан. Келесі күні таңертең ерте оны Алматының Наурызбай ауданы, Ашимов көшесінде көрген.

Белгілері: бойы – 165 сантиметр, орташа дене бітімі, шашы қара, ұзын. Үстінде ұзын жеңді қызғылт кофта, қара блузка, көк шалбар, қара балетка аяқ киім болған. Күннен қорғайтын көзілдірік таққан.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар