Алматыда отбасылық жанжал қайғылы оқиғамен аяқталды. Түнгі сағат үштер шамасында «102» арнасына Алмалы ауданындағы Брусиловский көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінде пышақ жарақатын алған адам туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.
Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері мен жедел медициналық жәрдем бригадасы жетті. Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, 59 жастағы ер адам алған көптеген пышақ жарақаты мен көп қан жоғалтудың салдарынан көз жұмды.
Алмалы аудандық полиция қызметкерлері күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ол марқұмның 34 жастағы өгей ұлы болып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, отбасылық жанжал кезінде ол ер адамға асүй пышағымен бірнеше рет соққы жасаған. Күдіктінің айтуынша, жанжал анасына қатысты туындаған кикілжіңнен кейін басталған. Аталған жайттардың барлығы сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жан-жақты тексеріледі.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
ALAGEUM ELECTRIC QAZAQ TILI ENDOWMENT-ке тағы 100 миллион теңге аударды
- авторОймақ
- 3 шілде, 2026






