сейсенбі, 24 қараша, 2026 19:01

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қонаевта баспалдақтан құлаған 11 жастағы оқушы көз жұмды

Қонаевта баспалдақтан құлаған 11 жастағы оқушы  көз жұмды
ЖИ
Бірнеше жарақат алған баланы ауруханаға жеткізіп, ота жасаған.

Қонаев қаласындағы мектептердің бірінде баспалдақ қоршауынан құлаған 11 жастағы оқушы ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Мектеп өкілдерінің айтуынша, оқиға 16 қарашада екінші ауысымның сабағы басталар алдында болған. Алтыншы сынып оқушысы үшінші қабаттағы баспалдақтың қоршауына отырып, тепе-теңдігін жоғалтып, төменге құлаған.

Бірнеше жарақат алған баланы ауруханаға жеткізіп, ота жасаған. Оқушы 18 қараша күні таңертең көз жұмды.

Полиция осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар