Димаш Құдайберген 30 жасына орай Түркия телеарнасына эксклюзивті сұхбат берді
- авторОймақ
- 2 мамыр, 2024
- 1.3k
Димаш Құдайберген Түркия телеарнасына эксклюзивті сұхбат берді
Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген өзінің 30 жасы қарсаңында Түркия телевидениесіне эксклюзивті сұхбат берді.
Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
30 жасқа толуыма орай Ыстамбұлда беретін концертімнің қарсаңында түркиялық телевидениеге эксклюзивті сұхбат бердім. Сұхбаттың толық нұсқасын менің YouTube арнамнан көре аласыздар, – деп жазба қалдырды әнші.
Димаш сұхбатында карьерасын қалай бастағанын, «Жас Қанатқа» қатысу арқылы Отанында қалай танымал болғанын, шетелдегі танымалдылығы жайлы айтты.
Өнер иесінің тыңдарманы әншіге қолдау көрсетіп, Ыстамбұлдағы концертін асыға күтіп отырғанын жазып жатыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Асан Омаров, абайтанушы: Абай Алаш интеллигенциясының ұстазы болды
- авторОймақ
- 1 ақпан, 2025