жұма, 3 шілде, 2026 19:30

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қайрат Боранбаев Лондон маңындағы үйін сатып жіберген

Қайрат Боранбаев Лондон маңындағы үйін сатып жіберген
instagram.com/kairat4
Мира Анафина – "Казкоммерцбанктің" бұрынғы директоры, Meridian Capital инвестициялық холдингінің негізін қалаушылардың бірі Азат Әбішевтің жұбайы.

Кәсіпкер Қайрат Боранбаев Ұлыбританиядағы қымбат жылжымайтын мүліктерінің бірін сатқан. Сөз Лондон маңындағы Вирджиния-Уотер ауылында орналасқан зәулім үй туралы болып отыр. Бұл елдімекен қымбат үйлерімен танымал, сондықтан оны кейде "миллиардерлер ауылы" деп те атайды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы "Выход к морю" телеграм арнасы жазды. Ұлыбританияның жылжымайтын мүлік тізіліміндегі деректерге сүйенсек, аталған нысанды Қазақстанда туған кәсіпкер Мира Анафина сатып алған. Мәміле 2024 жылдың соңында жасалған. Алайда үйдің нақты қаншаға сатылғаны әзірге белгісіз.

Мира Анафина – "Казкоммерцбанктің" бұрынғы директоры, Meridian Capital инвестициялық холдингінің негізін қалаушылардың бірі Азат Әбішевтің жұбайы.

Ашық деректер бойынша, Қайрат Боранбаев Вирджиния-Уотердегі бұл үйді 2016 жылы сатып алған. Сол кезде зәулім мүлікке қанша қаржы төленгені жария етілмеген. Дегенмен құжаттарда оның құны 1 миллион фунт стерлингтен жоғары болғаны көрсетілген. Ал сарапшылар бұл нысанды 10-15 миллион фунт стерлинг аралығында бағалаған.

Бұдан бөлек, Боранбаевтың Ұлыбританияда басқа да қымбат жылжымайтын мүліктері бар екені айтылады. Лондон орталығынан шамамен 30 минуттық жерде орналасқан тағы бір активінің құны 25,5 миллион фунт стерлингке бағаланған. Аумағы 2 мың шаршы метр болатын зәулім сарайда кинотеатр, бассейн, жаттығу залы, сауна және спорт алаңы бар екені жазылған.

Сондай-ақ кәсіпкердің Лондон қаласының өзінде де тұрғын үй апартаменттері бар екені хабарланды. Ондағы пәтерлердің жалпы құны 155 миллион фунт стерлингке дейін бағалануы мүмкін.

Айта кетейік, Қайрат Боранбаевтың қызы Әлима 2013 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсұлтан Назарбаевқа тұрмысқа шыққан. Дариға Назарбаеваның ұлы Айсұлтан Назарбаев 2020 жылы қайтыс болды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар