Әзілкеш, актер әрі «Шаншар» театрының директоры Уәлибек Әбдірайымов журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында әнші Қайрат Нұртасқа ренішінің неден туындағанын айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.
Өнер иесінің сөзінше, «Шаншар» театрының мерейтойлық кешіне кезінде театр сахнасынан танылған көптеген әнші шақырылған. Олардың басым бөлігі ұсынысты қабылдағанымен, Қайрат Нұртас концертке келмеген.
«Қайратты шақыру үшін әкесі Нұртасқа өзім хабарластым. Алты ай бұрын ескерткенмін. Кейін концерт жақындағанда анасы хабарласып, Қайраттың басқа жоспарлары бар екенін айтты. Ешқашан ешкімді күштеп шақырмаймын. Бірақ "Шаншардың" мерейтойына келмегеніне шынымен көңілім қалды», – деді ол.
Уәлибек Әбдірайымов тіпті ренішін айту үшін Қайрат Нұртастың үйіне баруды да ойлағанын жасырмады. Алайда әріптестері райынан қайтарыпты.
«Жанымдағылар "одан не өзгереді?" деп тоқтатты. Содан кейін бұл ойымнан бас тарттым», – деді актер.
Ол мұндай жағдайдың алғаш рет емес екенін айтып, бұған дейін ЭКСПО аясында ұйымдастырылған шарада да Қайрат Нұртастың уәдесінде тұрмағанын еске салды. Әзілкештің айтуынша, сол оқиғалардан кейін әншіге деген өкпесі қалып қойған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Заңсыз көші-қон: 990 адамды бір бөлмеге тіркеген
Ұқсас жаңалықтар
Айтыскер ақын Салтанат Өтелбаева жұбайымен бірге жол апатынан қаза тапты
- авторОймақ
- 17 маусым, 2026
"Егіз деді": Ерке Есмахан жүктілік кезіндегі ерекше оқиғасын айтып берді
- авторОймақ
- 16 маусым, 2026






