сәрсенбі, 17 маусым, 2026 15:43

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстанда сарбаздарды енді жасанды интеллект бақыламақ

Қазақстанда сарбаздарды енді жасанды интеллект бақыламақ
Фото: gurk.kz
Қазақстанда 2027 жылдың соңына дейін барлық казарма жасанды интеллект элементімен жабдықталған бейнебақылау жүйелерімен қамтылады.

Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков айтуынша, министрлік әскери қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді жоспарды жүзеге асырып отыр. 

“Иә, қазір барлық жерде камералар орнатып жатырмыз. Бізде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған кешенді жоспар бар. Биыл жылдың соңына дейін және келесі жылы барлық казарманы толық бейнебақылау жүйесімен қамтимыз деп ойлаймын. Бұл талдау жүргізетін жасанды интеллекті бар жүйе болады”, – деді Мұстабеков.

Оның сөзінше, әскерге жаңа технологияларды төтенше және келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін орнатып жатыр. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар