жексенбі, 14 маусым, 2026 19:25

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астанада тағы бір велосипед мінген баланы көлік қағып кетті

Астанада тағы бір велосипед мінген баланы көлік қағып кетті
Фото: threads.com/@a.lmzzvvv
Астанада жасы шамамен 6-7-гі велосипед тізгіндеген баланы көлік қағып кетті. Қазір полиция жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр

Оқиға 12 маусымда Қошқарбаев даңғылы мен Жұмабаев көшесінің қиылысында болған.

Әлеуметтік желіде (Threads) куәгерлер оқиға орнынан фото жариялап, шамамен 6-7 жастағы баланы көлік қағып кеткенін жазған.

Астана қаласы полиция департаменті бұл деректі растады. Ведомство мәліметінше, Ford маркалы автокөлік жүргізушісі кәмелетке толмаған велосипедшіге соқтығысқан. Зардап шеккен жасөспірімді бірден ауруханаға алып кеткені хабарланған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар