жексенбі, 14 маусым, 2026 19:49

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Танымал блогер Мейрамбек Беспаевқа қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Танымал блогер Мейрамбек Беспаевқа қатысты күтпеген мәлімдеме жасады
Фото: qazaqtoday.info
Әлеуметтік желіде Жузефина есімімен танылған блогер Жұлдыз Жауынбаева тікелей эфир барысында өнер саласындағы бірнеше белгілі тұлғаға қатысты пікір білдіріп, көпшіліктің назарын аударды.

Блогердің айтуынша, ол әнші әрі «МузАрт» тобының мүшесі Мейрамбек Беспаевпен бірнеше рет бірге уақыт өткізген. Сонымен қатар Қайрат Нұртастың інісі Заңғармен Таиландта бірге болғанын да жеткізді.

Эфир кезінде Жауынбаева өзінде түрлі бейнежазбалар сақталғанын айтып, қажет болған жағдайда оларды көпшілікке жариялай алатынын мәлімдеді.

«Барып сұраңдар. Менде бәрінің видеолары бар. Заңғар да, Мейрамбек Беспаев та өздері айтып берсін. Бұдан басқа да жайттарды жариялаймын. Маған қарсы адам жалдап жатыр деген ақпарат жетті. Егер маған бірдеңе болса, кімнен көру керегін білесіңдер», – деді блогер.

Желі қолданушыларының ерекше назарын аударған жайттардың бірі – эфир барысында блогердің шар үрлеп, белгісіз бір затты пайдаланғаны кадрға түскен.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар