сенбі, 13 маусым, 2026 17:45

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Тауда жоғалған жасөспірім табылды

Тауда жоғалған жасөспірім табылды
shutterstock.com
Қазір бала ата-анасымен қауышты.

Алматы құтқарушылары Бутаков шатқалы маңында жоғалып кеткен 13 жастағы жасөспірімді тауып, ата-анасына аман-есен тапсырды. Абырой болғанда, балаға медициналық көмек қажет болмаған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.

Оқиға туралы құтқару қызметіне баланың әкесі хабарласқан. Ата-анасының айтуынша, 2013 жылы туған ұл досымен бірге Бутаков шатқалы бағытына қарай кеткен. Алайда кейін байланысқа шықпай қалған.

Жасөспірімнің соңғы геолокациясы Фурманов шыңындағы «Панорама» лашығы маңынан анықталған.

Хабарлама түскеннен кейін Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің Құтқару қызметі бірден іздестіру жұмыстарына кірісті. Мамандар бірнеше топқа бөлініп, таулы аймақ пен белгіленген бағыттарды тексерген.

Іздестіру нәтижесінде жасөспірім табылды. Құтқарушылар оны таудан қауіпсіз жерге түсіріп, ата-анасына тапсырды.

Төтенше жағдайлар қызметі азаматтарға тауға шығарда қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді. Мамандардың айтуынша, тауға бармас бұрын жақындарыңызға қай бағытқа баратыныңызды және қашан оралатыныңызды хабарлау қажет.

Сондай-ақ телефон қуатының толық болуын қадағалап, байланыста болған жөн. Құтқарушылар ауа райының өзгеруіне дайын болып, тек таныс әрі қауіпсіз соқпақтармен жүруге кеңес береді.

 

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар