сәрсенбі, 10 маусым, 2026 13:41

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Батыс Қазақстанда үш жасөспірім суға батып кетті

Батыс Қазақстанда үш жасөспірім суға батып кетті
Фото: ашық дереккөз
Батыс Қазақстан облысында үш жасөспірім Кіші Өзенге батып кетті. Олар шомылуға болмайтын жерге суға түскен.

Қайғылы жағдай 9 маусым күні кешке Жаңақала ауданында Жаңақазан ауылы маңындағы Кіші Өзен өзенінде болған. 

Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, жедел кезекшінің 112 пультіне 2008 және 2009 жылы туған үш жасөспірімнің суға батып кеткені туралы хабарлама түсті.

Олар шомылуға арналмаған әрі жабдықталмаған жерде суға түскен. Аталған аумақта суда болудың қауіпті екенін ескертетін арнайы тыйым салу белгісі орнатылған.

“Оқиға орнына Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жедел түрде жіберілді.ТЖМ бөлімшелері келгенге дейін қаза тапқан жасөспірімдердің денелерін жергілікті тұрғындар судан шығарып алған. Қазір оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр”, – деп мәлімдеді ведомство.

Сондай-ақ министрдік өкілдері жабдықталмаған әрі шомылуға арналмаған жерлерде суға түсу адам өмірі мен денсаулығына өте қауіпті екенін ескертті. 

“Суда демалу үшін тек ресми түрде рұқсат етілген орындарды таңдаңыздар, қауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар және балаларды қараусыз қалдырмаңыздар", – деді ТЖМ өкілдері.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар