Домбыраны қарам деген азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды
- авторОймақ
- 28 сәуір, 2026
- 684
Ақтөбе қаласының 33 жастағы тұрғыны Азат Қоныс әлеуметтік желіде домбыраны және өзге де ішекті аспаптарды «харам» деп атағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Тұрғынның бұл мәлімдемесі қоғамда үлкен наразылық тудырып, құзырлы органдардың назарына ілікті.
Күдікті өз бейнежазбасында Қазақстан ханафи мазхабын ұстанатындықтан, шариғат бойынша домбыра, гитара және балалайка сияқты аспаптарға тыйым салынған деген пікір білдірген. Полиция бұл әрекетте діни араздықты қоздыру нышандары бар деп тапты.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталып, ол бірден ұсталды. Полицияның мәліметінше, азамат әлеуметтік желілерде діни негіздегі араздық пен өшпенділікті қоздыруға бағытталған пікірлерді жүйелі түрде жариялап келген.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соттың санкциясымен оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
"Қазақфильм" мен Ұлттық киноны қолдау орталығы бірігеді – министр
- авторОймақ
- 12 қыркүйек, 2026
«Қорқыныш пен уайым көбейді»: Төреғалидің әйелі жетінші жүктілігі туралы айтты
- авторОймақ
- 11 қыркүйек, 2026






