жексенбі, 26 сәуір, 2026 18:20

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматыда жүк көлігі аударылып қалған: қаза болғандар бар

Алматыда жүк көлігі  аударылып қалған: қаза болғандар бар
Сурет: HALYQSTAN
Полиция өліммен аяқталған жол апатын растады.

Алматының Медеу ауданында жүк көлігінің тежегіші істен шығып, құбырды қағып, газ құбырын зақымдап, аударылып қалған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші оқиға орнында қаза тапқан, оны кабинадан құтқарушылар алып шыққан.

Оқиға туралы Нұрмағамбетов көшесінің тұрғындары хабарлады, деп жазды HALYQSTAN телеграм арнасы.

Тұрғындардың сөзінше, бұл жол бөлігінде ауыр жүк көліктерінің жоғары жылдамдықпен жүруіне байланысты мұндай апаттар жиі болатын көрінеді.

Полиция өліммен аяқталған жол апатын растады.

«Алматы қаласы Әкімшілік полиция басқармасының кезекші бөлімі хабарлағандай, аталған жол-көлік оқиғасы бүгін таңғы сағат 09:50-де Медеу ауданында болған.

“Howo” маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Нұрмағамбетов көшесімен батыс бағытта келе жатып, алдын ала мәлімет бойынша тежегіш жүйесінің ақауына байланысты металл қоршауға және үш жеміс ағашына соғылған, содан кейін көлік аударылған.
ЖКО салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факті бойынша Алматы қаласы Полиция департаментінің анықтау басқармасы қылмыстық іс қозғады», – деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар