бейсенбі, 16 сәуір, 2026 2:23

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Сабақ үстінде карта ойнаған: директор қызметінен кетті

Сабақ үстінде карта ойнаған: директор қызметінен кетті
видео скрин
Ата-аналарға ескерту жасалды.

Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде орын алған шулы оқиға жаппай кадрлық тазартумен аяқталды. 11-сынып оқушылары сабақ үстінде карта ойнап отырғанда, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі бұл жағдайға мән бермей, телефонмен сөйлесіп отырған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz

Білім басқармасы жүргізген тексеруден кейін оқу орнының барлық дерлік басшылық құрамы қызметінен айырылды. Мектеп директоры тараптардың келісімімен жұмыстан босатылса, оқиғаға жол берген педагог өз еркімен қызметінен кетті. Сондай-ақ, тәрбие және оқу ісі жөніндегі орынбасарлар да орындарын босатты.

Тәртіп бұзған жоғары сынып оқушыларының ата-аналары да назардан тыс қалған жоқ: оларға ресми түрде ескерту жасалды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар