бейсенбі, 16 сәуір, 2026 4:02

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"20 минут шейіт болған 3 баланың мүмкін өмірін алып қалар еді": Олжас Құспеков жедел қызметке кедергі болмау керек екенін айтты

"20 минут шейіт болған 3 баланың мүмкін өмірін алып қалар еді": Олжас Құспеков жедел қызметке кедергі болмау керек екенін айтты
Жедел қызметтердің жолын бөгейтін кез келген кедергіні заңмен реттеу қажет.

Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков төтенше жағдайлар кезінде жедел қызметтердің кедергісіз қозғалуына қатысты мәселе көтермек. Ол тұрғын үйлердің аулаларында өрт сөндіру көліктері мен басқа да шұғыл қызметтерге арналған арнайы жолақтар әрдайым ашық болуы тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Депутаттың сөзінше, мұндай талап заң жүзінде нақты реттелуі керек, ал кедергі келтіретін тосқауылдар басқа тәртіппен қарастырылуы қажет.

«Осы жағдайға байланысты депутаттық сауалым, біраз ұсынысым бар. Бұл жерде арнайы аулаларда өрт сөндіру және мемлекеттің жедел қызметтерінің барлығына арналған бір жолақ міндетті түрде ашық тұруы керек. Оған байланысты шлагбаум секілді басқа нәрселер болса, басқа заң тәртібімен қарастыру керек. Мысалы, соңғы болған жағдайда 20 минутты тек қана көлікке жұмсадық. Ол 20 минут шейіт болған 3 баланың мүмкін өмірін алып қалар еді. Бірақ “біреудің мүлкі, біреудің құқығы” деп біздің өрт сөндірушілер уақыт жоғалтып алды. Ондай жағдайда шұғыл, ұтқыр қозғалу керек. Оған кедергі болатын нәрселердің бәрін заңда өзгерту қажет. Егер кедергі жасайтын болса, оған материалдық тұрғыдан емес, адамның өміріне қарауы қажет», — деді депутат.

Олжас Құспековтің айтуынша, төтенше жағдайда әр минут қымбат, сондықтан жедел қызметтердің жолын бөгейтін кез келген кедергіні заңмен реттеу қажет.

Айта кетейік, 12 сәуірде Астананың Есіл ауданындағы 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерден өрт шықты. Салдарынан бір әйелді күйік шалған. Сондай-ақ пәтерден үш баланың денесі табылған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар