Депутат алдымен адамдарды түсіндіру жұмыстары күшейтілуі керек екенін айтты. Яғни, тұрғындарға арнайы техниканың – өрт сөндіру көліктері мен жедел қызметтердің еркін жүруіне жағдай жасау маңызды екенін жеткізу қажет.
«Егер көлік құтқару қызметтерінің жолын бөгейтін болса, бұл адам өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан бірінші кезекте арнайы органдарға кедергісіз өтуге мүмкіндік беру керек», – деді ол.
Сонымен қатар, Базарбек болашақта талап күшейуі мүмкін екенін жасырмады. Егер түсіндіру жұмыстары нәтиже бермесе, тұрғындарға айыппұл салу мәселесі қаралуы ықтимал.
Депутаттың сөзінше, мұндай өзгерістерді енгізбес бұрын халыққа құқықтық тұрғыда толық түсіндіру жұмыстары жүргізілуі тиіс. Себебі мәселе – жай тәртіп емес, адам өмірін сақтап қалу.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






