сейсенбі, 7 сәуір, 2026 21:12

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

528 миллион: Алматыда «NBC TV» қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

528 миллион: Алматыда «NBC TV» қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды
istockphoto.com
Сот санкциясымен 1 057 599 USDT (Tether) көлеміндегі криптовалютаға тыйым салынды

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматыда «NBC TV» қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Тергеу амалдарына сай, 2025 жылы күдікті интернеттегі «www.nbcms.com» ресурсы және WhatsApp мессенджері арқылы азаматтарды тарта отырып, инвестициялық онлайн-жоба ретінде бүркемеленген қаржы пирамидасын ұйымдастырған.

Аталған мессенджер чаттарында («Дискуссионная группа NBC Charlotte», «NBCUniversal Media LLC» және басқа) 200-ден астам адам болған.

Қатысушыларға қысқа бейнероликтерді (фильм трейлерлерін) қарағаны үшін табыс табу сылтауымен инвестиция салу ұсынылған.

Жобаға қатысу үшін құны 11 000-нан 160 000 теңгеге дейінгі инвестициялық пакеттерді сатып алу талап етілген.

Бұл ретте тәулігіне 5–10%-ға дейін (айына 150%-дан астам) табыс уәде етілген, ал мұндай төлемдер тек жаңа салымшылардың қаражаты есебінен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар тартылған тұлғалардың салымынан 10%-ға дейін сыйақы төленетін рефералдық жүйе, сондай-ақ екінші және үшінші деңгейдегі қатысушылар үшін қосымша бонустар қарастырылған.

Заңды қызметтің көрінісін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырушылар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жарнама таратқан, жалған құжаттарды жариялаған, жасанды табыс көрсеткіштерін көрсеткен, блогерлерді тартқан және тақырыптық чаттарды жүргізген.

Қаражаттарды қабылдау жеке тұлғалардың шоттарына жүргізіліп, кейін Р2Р операциялары арқылы криптовалютаға айырбасталып, анонимді әмияндарға жіберілген.

Сот санкциясымен 1 057 599 USDT (Tether) көлеміндегі криптовалютаға тыйым салынды, бұл шамамен 528,5 млн теңгені құрайды.

Күдіктіге қатысты елден шықпау және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарға қаражат салмас бұрын жоба туралы ұсынылған ақпаратты мұқият зерделеуді, компанияның ресми тіркелуін, қызметінің құқықтық мәртебесін және қажетті рұқсат құжаттарының бар-жоғын тексеруді, сондай-ақ уәде етілген табыстың шынайылығын бағалауды ұсынады.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар