сейсенбі, 7 сәуір, 2026 21:15

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті

«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
фото Астана қаласының әкімідігі
Елордада «Таза Қазақстан» акциясы аясында Cominvest Group зауытының аумағында кезекті тазалық жұмысы өтті. Іс-шара барысында өндіріс орны маңында санитарлық тазалау жүргізіліп, аумағы ретке келтірілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Тазалық жұмысы кезінде зауыт ауласы толықтай абаттандырылып, шашылған қоқыстар жиналды. Қатты тұрмыстық қалдықтар арнайы орындарға шығарылып, аумақ тазартылды. Сонымен қатар, өндіріс орнының айналасында жатқан қалдықтар алынып, жұмыс аумағы жинақы күйге келтірілді.

Тазалық акциясына қатысқан қызметкерлер ұжым болып еңбек етіп, бірлесе атқарды. Мұндай жұмыс көктем және күз мезгілдерінде тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

«Осы зауытта еңбек етіп жүргеніме екі жылға жуық уақыт болды. 2024 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан «Таза Қазақстан» акциясынан біздің ұжым бірде-бір рет қалыс қалған емес. Көктем және күз мезгілдерінде мұндай тазалық шараларын тұрақты түрде ұйымдастырып тұрамыз. Сонымен қатар, әрбір қызметкер жұмыс күні аяқталған соң өз жұмыс орнын таза қалдыруды әдетке айналдырған», – деді зауыт қызметкері Болысбек Еркінбек.

Өндіріс аумағындағы қураған шөп пен жапырақтан тазартылды, тал, теректің түбі әктеліп, топырағы қопсытылды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар