дүйсенбі, 23 наурыз, 2026 2:20

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жазира Байырбекова келініне сырға салды

Жазира Байырбекова келініне сырға салды
ашық дереккөз
Бұл – екі әулеттің басын қосқан берекелі бастама.

Танымал әнші Жазира Байырбекова отбасындағы қуанышты жаңалығын жария етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

Өнер иесі қазақтың салт-дәстүріне сай болашақ келініне сырға салу рәсімі өткенін хабарлады.

Әншінің айтуынша, бұл – екі әулеттің басын қосқан берекелі бастама.

«Аллаға шүкір, бүгін – жүрегімізді қуанышқа бөлеген ерекше бақытты күніміз. Қазақтың салт-дәстүрімен ұлымызға ақ құсын қондыруға ниет етіп, құдалар болып, ақ келінімізге сырға салуға келдік. Бұл – екі әулеттің табысқан, берекелі бастамасының белгісі. Алла тағала осы қуанышымызды баянды етіп, жас жұбайлардың отауына махаббат пен береке нәсіп етсін. Тіл-көзден сақтасын», – деп жазды ол.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар