Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Петропавл қаласында өткен Наурыз мейрамы кезінде бірнеше спортшыға пәтер кілтін табыстады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Аймақ басшысының сөзінше, биыл Ұлыстың ұлы күні жаңару мен бірліктің жарқын нышанына айналып, қалаға ерекше жылулық пен шаттық сыйлаған. Сонымен қатар мереке ұлттық дәстүрлер мен заманауи технологияларды үйлестіре отырып, ұрпақтар сабақтастығын және өңірдің қарқынды дамуын айқындаған.
Әкім Наурыз күндері өңір абыройын асқақтатып жүрген азаматтарды ұлықтаудың маңызы зор екенін атап өтті.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






