бейсенбі, 19 наурыз, 2026 18:21

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Несие аларда абай болыңыз: агенттік 7 кеңес берді

Несие аларда абай болыңыз: агенттік 7 кеңес берді
Фото: fingramota.kz
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қазақстандықтарға несие аларда шарт талаптарын мұқият оқуға кеңес берді. Ал оны мұқият оқымаған азаматтар кейін сан соғып қалуы мүмкін екенін ескертеді.

Мамандар азаматтарға мынадай жеті кеңес берді:

1) Шарттың басты беті: онда негізгі ақпарат бар. Құжатта қарыз сомасы мен мерзімі, сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі, өтеу әдісі, мерзімінен бұрын өтеу шарттары, айыппұлдар мен өсімпұлдардың мөлшері жазылған.

2) Кредиттің толық құны: ай сайынғы төлемдерді, комиссияларды және сақтандыру сыйлықақыларын қоса алғанда, барлық төлемдермен қарыздың толық құны қанша болатынын мұқият бағалау керек.

3) Ең қолайлы өтеу әдісін таңдаңыз: аннуитеттік (теңтөлемдер) немесе сараланған (төлемдер азаяды).

4) Кредит беру мерзімі: есіңізде болсын, кредиттеу мерзімі неғұрлым көп болса, артық төлем соғұрлым жоғары болады. Ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеу шарттарын және комиссиялардың болуын нақтылаңыз.

5) Айыппұлдар мен комиссиялар: төлем мерзімін кешіктіргені немесе шарттың талаптарын өзгерткені үшін өсімпұлдар мен өзге де төлемдерді есептеу тәртібін тексеріңіз.

6) Дербес деректер: олардың дұрыс көрсетілгеніне көз жеткізіңіз және оларды өңдеу және үшінші тұлғаларға беру тәртібімен танысыңыз.

7) Шартқа қосымшалар: төлем кестесі және шартқа жадынама қарыз шартының ажырамас бөлігі.

Агенттік өкілдері шартқа қол қоймас бұрын барлық сұрақты нақтылап алуды ұсынады.

«Шартқа қол қоймас бұрын қаржы ұйымының өкіліне барлық қажетті сұрақтарды қойыңыз. Қажет болса, қосымша кеңес алыңыз. Кредит бойынша міндеттемелерді орындау кредиттік тарихқа әсер ететінін ұмытпаңыз. Төлемдерді уақтылы төлемеу айыппұлдардың есептелуіне, берешектің өсуіне және қаржылық қызметтерге қолжетімділіктің шектелуіне әкелуі мүмкін», – деп ескертті мамандар.

Айта кетейік, 2026 жылдың 19 наурызынан бастап Қазақстанда тұтынушылық несие берудің жаңа ережелері күшіне енді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар