бейсенбі, 19 наурыз, 2026 18:19

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

13 азаматты алдаған турагенттік қызметкері ұсталды

13 азаматты алдаған турагенттік қызметкері ұсталды
Фото: ашық дереккөз
Астаналық тұрғын меккеге қажылық сапар ұйымдастырып беремін деген уәдемен, 13 адамның ақшасын аляқтық жолмен қалтасына басқан. Күдікті виза рәсімдеу және әуе билеттерін беру қызметтерін сылтау етіп, олардан алдын ала ақша жинаған.

Алайда туристік компанияда жұмыс істеген ер адам қажылықты сол күйі ұйымдастырмаған.

Polisia.kz хабарлауынша, полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті ретінде туристік компанияның 27 жастағы қызметкері ұсталды.

«Қазіргі уақытта 13 эпизод анықталды. Келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 2,2 млн теңгені құрайды», – делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдары тергеу барысында зардап шеккендердің саны артуы мүмкін екенін айтады. Полицейлер күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

«Полиция азаматтарға қажылық және туристік қызметтерді рәсімдеу кезінде компанияның лицензиясын, келісімшарт талаптарын және төлем құжаттарын мұқият тексеру қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ тек ресми тіркелген туристік операторларға жүгінуге кеңес береді», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске салайық, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) қажылық сапарына аттанатын азаматтарға арналған Qajy Guide («Қажы гид») атты жаңа цифрлық қосымшаны іске қосты.

Qajy Guide – ҚМДБ-ның ресми жобасы әрі қажылық пен ұмра сапарына баратын жандарға арналған тегін цифрлық көмекші платформа. Қосымша қажыларға сапар барысында қажетті ақпаратты бір жерден алуға мүмкіндік береді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар