бейсенбі, 12 наурыз, 2026 21:16

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Атырауда әскери қызметші көз жұмды

Атырауда әскери қызметші көз жұмды
Сарбаз қарумен жұмыс істеу барысында оқ жарақатын алған.

12 наурыз күні Атырау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде жоспарлы далалық атыс жаттығулары кезінде мерзімді әскери қызметші көз жұмды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Қорғаныс министрлігі мәліметінше, сарбаз қарумен жұмыс істеу барысында оқ жарақатын алған. Алдын ала болжам бойынша, қайғылы жағдай абайсыздық салдарынан болған.

Жарақат алған әскери қызметші медициналық мекемеге жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Аталған оқиғаға байланысты Ішкі істер министрлігі Әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Қорғаныс министрінің тапсырмасымен оқиға орнына министрдің орынбасары бастаған арнаулы комиссия жіберіліп, болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталуда.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар