Көкшетауда қазақ әндерін қорлаған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды
- авторОймақ
- Бүгін, 10:15
- 51
Көкшетауда қазақ әндерін қорлады деген күдікпен әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Stan.kz ақпарат агенттігінің айтуынша, оқиға өткен жылдың соңында қаладағы шаштараздардың бірінде болған. Салон қызметкерлері арасында залда қойылатын әндерге байланысты түсініспеушілік туындаған.
Алмагүл Әлиеваның айтуынша, мекемеде негізінен орыс, түрік және грузин тіліндегі әндер қосылып жүрген, ал қазақ тіліндегі әндер қойылмаған.
«Мен қазақша ән қосу үшін пультке бардым. Әріптесім: “Жоқ, қажеті жоқ, біз мұндайды тыңдамаймыз” деді. Соған қарамастан мен әнді қосып, кетіп қалдым. Кейін клиенттерім кеткен соң, әнді неге өшіріп тастағанын сұрадым. Ол: “Мен саған айттым ғой, біз мұндайды тыңдамаймыз. Мұны кім тыңдайды?” деп жауап берді», – дейді әйел.
Әріптестер арасындағы дау сол сәтте-ақ тоқтаған. Алайда оқиғадан кейін Әлиева полицияға арыз жазған.
Қазіргі уақытта қазақ әндерін қорлады деген күдікке ілінген әйелге қатысты «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру» бабы бойынша тергеу басталған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






