жұма, 6 наурыз, 2026 13:54

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Аллаға шүкір!": Жазира мен Жанболат елге жетті

"Аллаға шүкір!": Жазира мен Жанболат елге жетті
фото: скрин
Бұл туралы Жазира Байырбекова желідегі парақшасында жазды.

Отбасымен демалысқа кеткен соң елге қайта алмай қалған әншілер Жанболат пен Жазира Қазақстанға аман-есен оралды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz.

Бұл туралы әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Аллаға шүкір, елімізге аман-есен оралдық. Дубай – Маскат – Ыстамбұл – Астана. Барлығы Алланың қалауымен болды. Әрдайым тілекші болып, уайымдап, хабарласып жатқан барша жанға үлкен рақмет. Алла баршамызды амандықта, тыныштықта ұстасын», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары әншілердің елге аман жеткеніне қуанып, түрлі жылы пікірлерін қалдырды.

«Аман-есен жеткендеріңізге шүкір», «Жылап отырмын», «Енді Дубайға бармайтындай болған шығарсыздар», «Ресейден қайтқан бір кісі шекараны көргенде жүгіріп барып, Қазақстанға өтіп жерге құладым деп еді. Құдіреті шексіз Алла әр нәрсенің қадірін ұғындырады», – деп жазды көпшілік.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар