дүйсенбі, 2 наурыз, 2026 16:55

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ресейден әкелінген қызанақ тұқымдарынан вирус табылды

Ресейден әкелінген қызанақ тұқымдарынан вирус табылды
Фото: АШМ
Ресей Федерациясынан импортталған қызанақ тұқымдарынан қоңыр қатпарлы — Tomato brown rugose fruit virus (ToBRFV) вирусы табылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы фитосанитариялық бақылау жүргізу кезінде Ресей Федерациясынан импортталған қызанақ тұқымдарының 130 қаптамасынан сынама алды.

Зерттеу жұмыстарын «Фитосанитария» РМК мамандары жүргізді. Сараптама қорытындысы бойынша үлгілердің құрамынан карантиндік нысандар қатарына енгізілген қызанақ жемістерінің қоңыр қатпарлы вирусы — Tomato brown rugose fruit virus (ToBRFV) табылды. Аталған дерекке байланысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі сыртқы саудаға қатысушыларға карантиндік өнімдерді ел аумағына әкелу кезінде өсімдіктер карантині саласындағы талаптар мен фитосанитариялық нормаларды қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. 

Еске салсақ, 19 тонна алмұрт фитосанитарлық сертификаттың болмауына байланысты Бельгияға кері қайтарылды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар