Бүгін «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының өкілдері елордадағы №8 емхана ұжымымен кездесіп, Конституциялық реформа жобасының маңызды аспектілерін түсіндірді, деп хабарлады Oimaq.kz №8 қалалық емхананың әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.
Жалпыұлттық коалиция өкілдері Қанат Естек, Мағжан Молдахмет және Дастан Дәулетияров жаңа Конституцияда азаматтардың денсаулығын қорғау, сапалы медициналық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз ету және медицина қызметкерлерінің құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылғанын атап өтті.
Сондай-ақ, денсаулық сақтау жүйесін дамыту мемлекеттің басты әлеуметтік міндеттерінің бірі ретінде айқындалғаны айтылды.
Бұған дейін Минскіде Қазақстанның жаңа Конституция жобасы таныстырылғанын жаздық.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





