дүйсенбі, 23 ақпан, 2026 22:11

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

АҚШ-та тариф дауы ушығып тұр: Трамптың шешімі нарықты шайқалтты

АҚШ-та тариф дауы ушығып тұр: Трамптың шешімі нарықты шайқалтты
Freepick
АҚШ Жоғарғы соты Дональд Трамптың кедендік баж салығын жеке өзі өзгертуін өкілеттігін асыра пайдалану деп танып, мұндай шешімге тыйым салды.

Алайда бұрынғы президент бұған жауап ретінде жаңа қадам жасады, деп хабарлайды Halyk finance сараптама орталығына сілтеме жасап Oimaqnews.kz.

Ол ескі тарифтер күшін жойған сәтте бірден жаңа базалық әлемдік тарифті 10 пайыздан 15 пайызға көтерді.

Сарапшылардың айтуынша, мұндай саяси әрі тарифтік белгісіздік АҚШ қор нарығына кері әсер етті. Апта басында америкалық фьючерстер төмендеп, нарық «қызыл аймаққа» өтті.

Трамп әкімшілігі бұрын жиналған кедендік төлемдерді қайтаруға ниетті емес екенін мәлімдеді. Ақ үй бұл талаптар бойынша сотта екі-бес жылға дейін тартысуға дайын екенін айтты. Пенсильвания университеті жанындағы Уортон бизнес мектебінің сарапшылары егер өтемақы төлеу міндеттелсе, АҚШ бюджетінің шығыны 175 миллиард доллардан асуы мүмкін екенін ескертті.

Еуропалық одақ әзірге АҚШ-пен 15 пайыздық тариф жөніндегі келісімді сақтап отыр. Бірақ Еуропарламент Трамптың жаңа шешімдеріне байланысты құжатты қайтадан тоқтатуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Канадада да экономикалық көрсеткіштер әлсірей бастады. Желтоқсанда бөлшек сауда көлемі 1,2 пайыз өсімнен -0,4 пайызға дейін төмендеген.

Сонымен қатар АҚШ-тың Иранға әскери соққы жасау туралы шешім қабылдағаны айтылуда. Бұл ақпаратты ЦРУ-ға жақын дереккөздер мен сенатор Линдси Грэм растаған. Дегенмен сарапшылар операцияны саяси тұрғыда негіздеу үшін Трамп Ираннан жаңа ядролық ұсыныс күтуі мүмкін деген болжам айтады.

Әлемдік нарықта белгісіздік күшейіп, инвесторлар сақтық таныта бастады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар