Қоғам
Ерлі-зайыптылар мінген көлік мұз астына түсіп кетті: әйелі қаза тапты
- авторОймақ
- Бүгін, 09:43
- 33
Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Абай ауданының Топар кентінде балық аулау кезінде ерлі-зайыптылар мінген көлік мұз астына түсіп кеткен. Ер адам судан шығып үлгерген, ал оның әйелі көз жұмды, деп хабарлайды Arasha.kz сайтына сілтеме жасап Oimaqnews.kz.
Қайғылы жағдай 10 ақпанда болды. 1957 жылы туған ер адам судан өз бетінше шыққан. Оған медициналық көмек қажет болмады.
1962 жылы туған әйелді құтқарушылар іздестірді. Іздеу жұмыстары бір тәулікке созылды. Таңертең сүңгуірлер оның денесін көліктен төрт метр жерде, жеті метр тереңдіктен тауып, бетке шығарды.
Төтенше жағдайлар қызметі көктемгі уақытта мұздың жұқаруына байланысты су айдындарына көлікпен шығу өте қауіпті екенін ескертеді.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Келесі мақала





