сенбі, 7 ақпан, 2026 16:35

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жаңа Конституция сөз бостандығын шектемейді – Аида Балаева

Жаңа Конституция сөз бостандығын шектемейді – Аида Балаева
Министр дін мен мемлекеттің ара-жігі нақты ажыратылып, білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты айқындалғанын атап өтті.

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, ар-ұждан мен қадір-қасиетті қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау сияқты негізгі құқықтар конституциялық деңгейде бекітілуі тиіс, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz

– Жаңа Конституция жобасындағы бапқа қатысты журналистердің ашық хатына келер болсақ, медиақауымдастықтың үндеуімен мұқият танысып шықтым. Мәдениет және ақпарат министрі, әрі Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі ретінде бұл түзетулер еш жағдайда сөз бостандығын шектеуге әкеп соқпайтынын сеніммен айта аламын. Қорытындылап айтсам, бұрыннан белгіленген бұл түзетулер жаңашылдық емес, оның ішінде жауапкершілікке әкеп соғатын шектеулерді конституциялық деңгейде бекіту ғана.

Біздің ойымызша, ар-ұждан мен қадір-қасиетті қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау сияқты негізгі құқықтар конституциялық деңгейде бекітілуі тиіс. Соған қарамастан, ең басты қағида өзгеріссіз қалады. Сөз бостандығына кепілдік беріледі, ал цензураға тыйым салынады. Әрине, сөз бостандығы – қоғамның басты құндылықтарының бірі. Сонымен бірге, оның да өзіндік құқықтық шеңбері бар екенін түсінуіміз керек. Бұл шектеулер ой-пікірін білдіруге емес, тек қоғамға қауіпті мақсаттарды көздейтін үгіт-насихатқа қатысты қолданылады. Бұл мәселе конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, ұлттық қауіпсіздікке, кемсітушілік сипаттағы араздықты қоздыруға бағытталған, не осындай әрекеттерге айдап салу немесе соған ашық шақыру белгілері бар жағдайларға ғана қатысты екені белгілі, – деді Аида Балаева. 

Сондай-ақ Аида Балаева Жаңа Конституция жобасында дін мен мемлекеттің ара-жігі нақты ажыратылып, білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты айқындалғанын атап өтті.

– Білімнің зайырлы болуы көпконфессиялы қоғам үшін жас ұрпақтың дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді. Сондай-ақ Конституцияда некенің ер адам мен әйел адамның ерікті таңдауы мен тең құқығына негізделген одақ екендігі анық көрсетілген. Бұл тұжырым қоғамдағы отбасы институтының маңызын көрсетеді. Сондықтан мұндай қағидатты орынды деп ойлаймын, - деді А. Балаева.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар