Бүгін жарыс жолына кімдер шығады: алғашқы медальдар сарапқа салынады
- авторОймақ
- Бүгін, 11:09
- 22
7 ақпанда Милан мен Кортина-д’Ампеццода өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында алғашқы медальдар сарапқа салынады.
Бұл күні жарыс бағдарламасында шаңғы жарыстары, конькимен жүгіру, тау шаңғысы спорты және трамплиннен секіру бойынша финалдық сайыстар өтеді.
Бүгін қазақстандық спортшылар да сынға түседі. Сағат 17:00-де әйелдер арасындағы шаңғыдан скиатлонда Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник және Дарья Ряжко өнер көрсетеді. Жарыс Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Сағат 20:00-де әйелдер арасында конькимен жүгіруден 3000 метр қашықтықтағы сайыстар өтеді. Қазақстан атынан Надежда Морозова, Елизавета Голубева бақ сынайды. Тікелей көрсетілімді Qazsport телеарнасынан тамашалауға болады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Семейде қоқыс контейнерінен сүлгіге оралған нәрестенің денесі табылды
- авторОймақ
- 6 ақпан, 2026





