бейсенбі, 5 ақпан, 2026 13:08

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Forbes тізіміндегі қазақстандық кәсіпкер Жетісуда $20 млн-ға қант зауытын салады

Forbes тізіміндегі қазақстандық кәсіпкер Жетісуда $20 млн-ға қант зауытын салады
Freepick
Forbes рейтингіне енген қазақстандық миллионер Пәкістанмен бірлесіп Жетісу өңірінде құны $20 млн болатын қант зауытын салуды жоспарлап отыр.

Жобаны KazFoodProducts пен пәкістандық Almoiz Group жүзеге асырады. Тараптар бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге келген.

Қазақстандық компанияның негізгі иесі — кәсіпкер Ерлан Баймуратов. Ол Forbes журналының миллиардерлер мен миллионерлер рейтингінде 68-орында тұр, байлығы шамамен $108 млн деп бағаланады. Холдингтің активтері қатарында Баян Сұлу, АзияАгроФуд және бірқатар агроөнеркәсіптік кәсіпорындар бар.

Жетісу облысында салынатын жаңа қант зауыты өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін арттырып, жергілікті шикізатты өңдеуге серпін бермек.

Сонымен қатар KazFoodProducts басқа да ірі жобаларды қатар іске асырып жатыр. Атап айтқанда, Қостанай облысы аумағында бидайды терең өңдейтін зауыттың құрылысы жүріп жатыр. Аталған өндіріс орнын 2027 жылы іске қосу жоспарланған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар