бейсенбі, 5 ақпан, 2026 13:08

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Петропавлда жоғалып кеткен 18 жастағы жігіттің денесі орманнан табылды

Петропавлда жоғалып кеткен 18 жастағы жігіттің денесі орманнан табылды
Фото: forestprotection.com
Петропавлда орман ішінде 18 жасар жігіттің мәйіті табылды. Ол Петропавлдағы дәмханалардың бірінде жұмыс істеген. Жігіт 14 қаңтарда жұмысынан шыққан күйі қайта оралмаған.

Полицияның хабарлауынша, жігіт қаңтардың 14-і күні жұмысынан шығып, таксимен қалалық тубдиспансерге қарай бет алған. Кейін із-түзсіз жоғалып кетіпті. Оның  байланысқа шықпай жүргені жайлы әпкесі екі апта өткен соң ғана хабарлаған. Тәртіп сақшылары бірден іздеу жариялап, мәйітін орман ішінен тапты. Мәйітте зорлық белгілері жоқ. 

"Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері, кинологтар, әскери қызметшілер, жедел құтқару мамандары, сондай-ақ Лидер кз еріктілер қозғалысының өкілдері жұмылдырылды", - деді СҚО ПД Криминалды полиция басқармасы басшысының орынбасары Тілеміс Кәрімов.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар