бейсенбі, 29 қаңтар, 2026 15:12

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Қайраттың" екі ойыншысы клубтан кететінін мәлімдеді

"Қайраттың" екі ойыншысы клубтан кететінін мәлімдеді
"Қайрат" ФК
Клубпен қоштасқан ойыншылар – Егор Сорокин мен Валерий Громыко.

Алматылық «Қайраттың» екі футболшысы Чемпиондар лигасында «Арсеналға» қарсы матчтан кейін клубтан кететіндерін мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

 «AlatauFans» фан-клубының мәліметінше, клубпен қоштасқан ойыншылар – Егор Сорокин мен Валерий Громыко.

Егор Сорокин командамен бірге өткізген кезеңін мансабындағы маңызды белес деп атады.

"Әрі қарай мансабымда жаңа кезең басталады. Толығырақ сәл кейінірек білесіздер. Басшылыққа, бүкіл бапкерлер штабына, кімшілікке, дәрігерлерге және бір жарым жыл бойы иық тірестіре бірге жүрген серіктестеріме алғысым шексіз. Екі чемпиондық, суперкубог чемпиондар лигасының топтық кезеңі. Мұның бәрі менімен мәңгі қалады, оны ешкім тартып ала алмайды. Сондықтан «Қайрат» жейдесін кіп осы клубтың намысын қорғағаныма бақытты болдым. Командаға табыс тілеймін! Алда көре жатармыз", - деді Егор Сорокин.

 Валерий Громыко да командамен қоштасатынын растады. 

"Мен бұған дейін де айтқанмын. Мен мұнда қалмаймын. Жолдарымыз екіге айырылады.  «Қайраттың» өз жолы бар, менің де өз жолым бар. Біз бірге өткен осы жол үшін бір-бірімізгі алғыс айтамыз. Тарихтың осындай бір бөлігін бірге жаздық. Бірге жұмыс істегенімізге қуаныштымыз", - деді Валерий Громыко.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/275345-qairattyn-eki-oiynsysy-arsenalga-qarsy-oiynnan-keiin-klubtan-ketti

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар